Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Сатыбалдыұлының атын жамылған: Бақтияр Байсейітовке іздеу жарияланды

Қайрат Сатыбалдыұлының атын жамылған: Бақтияр Байсейітовке іздеу жарияланды

Астана. 19 қараша. 7kun.kz – Мемлекетке 320 миллион теңгеден астам шығын келтірген Қайрат Сатыбалдының туысы Бақтияр Байсейітовке іздеу жарияланды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, «Қаратау» ЖШС және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты Қаратау кенішінде қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Тергеу барысында Байсейітов Қайрат Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны «Iri building» ЖШС лоббилендіріп отырғаны анықталды. «Қаратау» ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд. теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты», – делінген хабарламада.

Агенттікте атап өткендей, Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған. Мемлекетке келтірілген залал 320 млн. теңгеден асты.

Қазіргі уақытта ол Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды. Оның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Антикор Бақтияр Байсейітовтің қайда жүргенінен хабардар адамға сыйақы тағайындайды. Агенттік оның орналасқан жері туралы ақпараты бар тұлғаларды +7 (7172) 909 260 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Похожие материалы