Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Тұрмағамбетов KASE басқармасының мүшесі болды

Қайрат Тұрмағамбетов KASE басқармасының мүшесі болды

Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 12 мамырындағы шешімімен биржа басқармасының құрамына бес адам кіреді. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланды.

"Биржаның Директорлар кеңесінің шешімімен Қайрат Жұмабекұлы Тұрмағамбетов KASE басқармасының мүшесі, бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып сайланды. Өкілеттік мерзімі үш жыл: 2016 жылдың 13 мамырынан 2019 жылдың 12 мамырына дейін", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Қ.Ж. Тұрмағамбетов Басқарма төрағасының орынбасары, "Нұрбанк" АҚ Басқарма мүшесі, "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "MONEY EXPERTS" Директорлар кеңесінің мүшесі, "Атамекен" ҰЖЗҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқа да басшылық қызметтерді атқарған. Қ.Ж. Тұрмағамбетов 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін, 2003 жылы – Маастрих менеджмент мектебін (Голландия) бітірген.

Қазіргі уақытта KASE басқармасы бес адамнан тұрады: Алина Алдамберген (төраға), Идель Сәбитов (төраға орынбасары), Андрей Цалюк (төраға орынбасары), Наталья Хорошевская (төраға орынбасары), Қайрат Тұрмағамбетов (бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры).

Похожие материалы