Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Which британдық тұтынушылар ассоциациясы туристер үшін ең қауіпсіз елдердің рейтингісін жариялады. Сарапшылар ең танымал 20 туристік бағытты төрт индикатор бойынша талдады. Олар: қылмыс деңгейі, денсаулыққа зиян келтірмеу, табиғи апаттардың ықтималдылығы мен террористік шабуылдар.Нәтижесінде Исландия әлемде туристер үшін ең қауіпсіз ел деп мойындалды. Үздік үштікте Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапур бар.Ал Түркия,Тайланд және Оңтүстік Африка саяхат үшін ең қолайсыз елдер деп танылды. Сарапшылардың айтуынша, бұл мемлекеттерде қылмыстың деңгейі мен ауыр сырқаттарды жұқтыру қаупі жоғары.Which зерттеуінде, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы кейбір елдер Батыс Еуропа елдеріне қарағанда қауіпсіз болған. Мысалы: Иорданиядағы қылмыс деңгейі Италия,АҚШ және Францияға қарағанда төмен. Айта кетейік, Қазақстан қауіпті елдер қатарына енді.