Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы шығын 112 млрд теңгеден асты

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы шығын 112 млрд теңгеден асты

Қаладағы ШОБ нысандарының ішінде азық-түлік емес дүкендер ең көп зардап шекті. Бұл туралы Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.

Алдын ала деректер бойынша залалдың жалпы сомасы 112,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде бизнес субъектілері бойынша 67 млрд (ШОБ – 42 млрд, ірі бизнес – 25 млрд).

Алматы әкімінің орынбасары атап өткендей, ШОБ арасында азық – түлік емес дүкендер – 20,9 млрд, азық – түлік дүкендері – 5,7 млрд, қару-жарақ дүкендері – 6,4 млрд, ломбардтар-2,9 млрд, қоғамдық тамақтану объектілері – 1,8 млрд,  жанар-жағармай құю бекеттері 306 млн және т.б. зардап шекті.

Қаржы ұйымдары бойынша (банк бөлімшелері, банкоматтар) алдын ала залал 701,7 млн құрады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп, зардап шеккен объектілер бойынша деректерді жинауды жалғастыруда.

 «20 әкімшілік ғимарат, полиция департаментінің 10 бекеті, 17 экопост пен әуежай ғимараты бойынша шығын 22,6 млрд теңгеден асады», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

Атап айтқанда, әкімдік ғимараты 20 млрд; Бас прокуратураның Арнайы есеп басқармасының ғимараты 2 млрд; Полиция департаменті мен аудандық басқармалардың ғимараттары мен бекеттері 205 млн; 17 экопост 162,7 млн-ға, медициналық нысандар – 2,1 млн шығынға ұшыраған.

Похожие материалы