Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар оқиғасы кезінде ректордың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде ректордың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды

Астана. 28 қараша. 7kun.kz – Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«21 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды. Қазір ол қамауда», – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетйік, 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнар қаза болғаны хабарланды. Ол 6 қаңтар кешке сағат 18:35 шамасында көлігімен Назарбаев көшесі арқылы үйіне қайтып бара жатқанда белгісіз біреулер оқ жаудырған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды

Похожие материалы