Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1,5 мыңға жуық бизнес субъектілері жалпы сомасы 8,3 миллиард теңгеге өтемақы алды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгінгі таңда 1 491 шағын және орта бизнес субъектілеріне жалпы сомасы 8,3 млрд теңге өтемақы төленді», – деді Тимур Жақсылықов.
Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы салдарынан 1,6 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі шамамен 38,6 млрд теңгені құрады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы тәртіпсіздіктер салдарынан бизнеске келтірілген шығын көлемі шамамен 103,7 млрд теңгені құраған. Қазақстанның 11 облысында 6 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері зардап шеккен.