Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтар тәртіпсіздіктеріне қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген – Бас прокуратура

Қаңтар тәртіпсіздіктеріне қатысқандарға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген – Бас прокуратура

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Тергеу барысында қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған азаматтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде», – деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, Алматы облысында Талдықорғандағы тәртіпсіздіктерді қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен «О» және «Н» азаматтары анықталды.

«Тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл фактілер тергеу барысында анықталып, тәртіпсіздіктерге қатысты деп күдікке ілінгендер мұны растады», – деді Елдос Қилымжанов.

Похожие материалы