Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы қаңтардың соңында 12 470 млрд теңгені (бір айда 4,7%-ке төмендеу) құрады, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 150,9 млрд теңгеге дейін 8,2%-ке азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 319,1 млрд теңгеге дейін 0,3 %-ке ұлғайды.
Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 11,4 %-ті немесе 1,2 трлн теңгені құрайды.
Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 899,5 млрд теңгеге дейін 1,9%-ке азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,5%-ке азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 0,5 %-ке ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 570,5 млрд теңгеге дейін 14,2%-ке азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 14,7%-ке азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 6,4%-ке азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы қаңтардың соңында 79,4%-ті құрады (2018 жылғы желтоқсанда – 77,1%).
Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 582,7 млрд теңгеге дейін 4,7%-ке азайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 887,3 млрд теңгеге дейін 5,0%-ке ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 7,5%-ке (2 185,9 млрд теңгеге дейін немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,5%) азайды.
Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,6%), сауда (13,4%), құрылыс (5,9%), көлік (4,0%) және ауыл шаруашылығы (1,8%) сияқты салаларға тиесілі.
2019 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,4% (2018 жылғы желтоқсанда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 18,4% (17,2%) болды.