Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 1,2%-ға төмендеді. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 2%-ға төмендеуі, өңдеу өнеркәсібінде 0,6%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 1,2%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 0,8%-ға арзандады.
Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы бензинге, сұйытылған пропан және бутанға 5%-дан, мұнайға - 2,9%, мазутқа 1,4%-ға төмендеді, көмірге - 7,9%, табиғи газға - 1,5%, металл кендеріне 0,5%-ға жоғарылады.
Бағаның қорғасынға - 3,8%, асыл металдарға - 2,2%, алюминийге - 1,8%, қара металдар илегіне - 0,9%, ферроқорытпаларға 0,7%-ға жоғарылауы тіркелді.
Өндірушілер бағасының қантқа - 0,5%, қара бидай ұнына 0,3%-ға төмендеуі, олардың жармаларға - 7,1%, күрішке - 4,6%, бидай ұнына - 3,1%, мал етіне - 2,2%, құс етіне - 1,5%, балыққа - 2%, сүт өнімдеріне - 1,4%, шайға - 0,8%, өсімдік майына 0,3%-ға жоғарылауы байқалды.