Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтарда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,6%-ке өсті

Қаңтарда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,6%-ке өсті

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – ыл басынан бері Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 5,6%-ті құрады. Бұл туралы үкімет отырсында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Биыл қаңтарда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ті құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 2,3%, ал қызмет көрсету саласында – 7,6%. Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады, бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс ең жоғарғы өсуді көрсетті», – деді Жақсықылов.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ті құраған.

Алдын ала қорытынды бойынша 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд доллар болды.

Тауарлар импорты 50 млрд долларға тең. Жалпы, оң сауда балансы 34,4 млрд долларды құрады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Қазақстан экономикасы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 3,1% — ға өсті. Қазақстан Президенті 2023 жылы Қазақстан экономикасының өсімін кемінде 4% деңгейіне жеткізу міндетін қойған еді.

Похожие материалы