Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтарда ҰҚК полковнигінің өзіне қол жұмсауы бойынша іс тоқтатылды

Қаңтарда ҰҚК полковнигінің өзіне қол жұмсауы бойынша іс тоқтатылды

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. 7kun.kz – Құқық қорғау органдары ҰҚК техникалық қызметінің бастығы, полковник Азамат Ибраевтың өліміне қатысты тергеуді тоқтатты. Бұл туралы Бас прокуратура Informburo.kz-ке сауалына берген жауабында айтты.

Офицердің мәйіті 10 қаңтар күні таңертең Нұр-Сұлтанда өзі тұратын көпқабатты үйдің терезелерінің астынан табылды.

«Азамат Ибраевты өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу 12 сәуірде қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Қадағалаушы прокуратура қабылданған шешіммен келісті», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында арнайы прокурорлар облыстық полиция бастығы, генерал-майор Жанат Сүлейменовты өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда. Қайғылы оқиға 10 қаңтарда белгілі болды.

Похожие материалы