Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаңтарда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді

Қаңтарда тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгерді

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда тұрғын үйді жалға алудың төмендеу үрдісі жалғасуда, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда өткен аймен салыстырғанда орташа шығын 2,5%-ға төмендеген.

«Бір айда жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті. Тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып отыр,  алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда баға 2,5%-ға  төмендеді», – делінген хабарламада.

Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы келесідей болды:

  • жаңа үй - 481 891тг;
  • қолданыстағы үй - 515 019 тг;
  • жалға берілетін үй - 4 671 тг.

Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9% қалаларында өсті. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Похожие материалы