Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысында тағы үш зауыт салынуы мүмкін

Қарағанды облысында тағы үш зауыт салынуы мүмкін

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Қарағанды облысында жалпы құны 32 млрд теңгеден асатын үш өндірісті іске қосу жоспарлануда, деп хабарлады аймақтық әкімдікте.

Ақпаратқа сәйкес, жобалар "Сарыарқа" АЭА аумағында жүзеге асырылады. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров АЭА басшылығымен бірге әлеуетті инвесторлармен кездесті. "Рет" компаниясы кокс брикеттерінің өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

"Жобаның бірегейлігі - жылу және электр энергиясын ілеспе өндіруде. Жобаны іске қосу екі кезеңге есептелген, оны іске асыру облыс экономикасына 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға және 150 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өңірде жарықдиодты шамдар мен көше жарықтандыру тіректерін шығаратын зауыт пайда болуы мүмкін. Жобаның бастамашысы - "Сарыарқа LED". Оның құны шамамен 70 млн теңгені құрайды. Кәсіпорында 50 жұмыс орны ашылады.

Тағы бір бастамашы "ARCUS Инвест" 2,4 млрд теңгеге теміржол техникасына арналған қосалқы бөлшектер өндірісін жолға қойғысы келеді. Зауытта 60-тан астам адам жұмыс істейді.

Бұған дейін хабарланғандай, аймақта 34,1 млрд теңгеге ферросилиция өндіру жобасының бірінші кезеңі іске қосылды.

Похожие материалы