
Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қазан айында ұзындығы 15 км болатын «Қарағанды-Теміртау» автожолындағы жөндеу жұмыстары аяқталады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазір нысанда қиыршық-құм-цемент қоспасынан жасалған негізгі қабатты орнату, су өткізу құбырларын монтаждау және жер төсемін салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мамандар жолдың сол жағын кеңейту үшін цемент-бетон жабындысын төсеуге кірісті», - делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстарының бас мердігері - «СейСер» ЖШС.
Айта кетейік, «Қарағанды-Теміртау» автомобиль жолын жаңарту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарланып отыр.