Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Қарағанды қаласында «Даму» Қорының қолдауымен «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында жайлы тұрғын үй кешені бой көтерді.
Тұрғын үйді салған «Eurasia Copper» ЖШС ірі өндірістік холдингінің құрамына кіретін «Eurasia Building» ЖШС 2013 жылы нарықты зерттеп, Мәскеуден таңдаулы маркетологтар мен жобалаушыларды шақырып, Қарағандының әр ауданы бойынша 40-50 жас аралығындағы тұрғындардың қажеттіліктері зерттелді.
«Қормен 2016 жылдан бері жұмыс істейміз және бүгінгі күнге бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Жұмыс істеудегі жеделдік және Қордың шарттары жеке құрылысшылар үшін тиімді» - дейді «Eurasia Copper» Басқарма төрағасы Мұхатаев Айдос.
Компания көп қабатты үй салғанда жетекші өндірушілердің заманауи құралдары мен монолитті жақтау технологиясын қолданады. Құрылыс барысында сапаға ұдайы назар аударылады. Үй сатып алам деген жан құрылыс барысы жайында құрылыс алаңынан тұрақты түрдегі фотоесепті бақылап отыра алады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Нұрлы Жер», «Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламалары бойынша да өтінім беруге болады. Себебі үміткерлердің 70%-ы тұрғын үйді ипотека арқылы сатып алады. Компания 2019-2020 жылдары барлық тұрғын үй кешендерін ұзындығы 39 шақырымды құрайтын жүгіру және веложолдармен, Триатлон паркімен байланыстыруды жоспарлауда. Бұл арқылы Қарағанды қаласын «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында велосипедті қала етуге болады.
«Қазақстанда заңды бәсеке бар. Барлық құрылыс компанияларына жұмыс бар. Себебі тұрғын үй құрылысы қарқыны өсіп келе жатыр, оған ілесу керек. Сондықтан да бұл нарықтың болашағы өте зор. Біз қазір Астана мен Қарағанды қалаларында жұмыс істейміз. Мысалы Қарағандыда құрылыс қарқынын 3 есе арттыру қажет. Себебі, бүгін тұрғын үймен қамту жан басына шаққанда 21 шаршы метрді құрайды. Мемлекет басшысы 1 адамға 30 шаршы метр қамтуды тапсырды. Оған жету үшін 2030 жылға дейін Қарағанды қаласында жылына 750 мың шаршы метр тұрғын үй салу қажет», - дейді Мухатаев Айдос.