Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда ер адам алтыншы қабаттан секірмек болды

Қарағандыда ер адам алтыншы қабаттан секірмек болды

Қарағанды. 13 тамыз. 7kun.kz – Оқиға Карбышев көшесінде орын алды. Отбасындағы ұрыс-керістен кейін 37 жастағы қала тұрғыны өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ашық терезе алдына шығып, секірмекші болған тұрғынмен полицейлер келіссөздер жүргізіп, оны терезеден түсуге көндірген.

«Подъезд алдынан бізді бір ер адам қарсы алды. Полицияға қоңырау шалған сол кісі екені белгілі болды. Оған себеп - 37 жастағы ұлы. Ер адам ұлына қатысты арызданғысы келетінін айтты. Әңгіме барысында алтыншы қабаттағы подъезд терезесінен секірмек болған адамды байқадық. Мен подъезге жүгіріп кіріп, алтыншы қабатқа көтерілдім, секірмек болып тұрған ер адамды сөзге тартып, оны райынан қайтаруға тырыстым. Ол ашық терезе алдына шығып алып, секіретінін айтып айқай берді. Бұл кезде менің жанымдағы серігім көшеде қалды. Ол жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілерге қоңырау шалды», – деді патрульдік қызмет инспекторлары Болат Мұхажанов.

Похожие материалы