Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Қарағанды облысында құны 46 млн доллар болатын күн электр станциясы іске қосылды.
Қуаты 40 МВт болатын жоба Балқашта «Гүлшат» алаңында жүзеге асырылды. Инвестор қытайлық Risen Energy Co Ltd. компаниясы болды.
«Бүгінде Қарағанды облысындағы күн электр станцияларының белгіленген қуаты 140 МВт құрайды, бұл Қазақстанның барлық күн электр стансаларының орнатылған қуатының 56%-ын құрайды», - деді Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов.
Ол сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту үшін 100 млрд теңгеге (немесе 283 млн доллар) келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылғанын айтты.
«Жыл басынан бері елімізде жеті ЖЭК нысаны пайда болды, олардың жалпы белгіленген қуаты 147,6 МВт-қа тең . Осылайша, қазіргі уақытта елімізде 74 жасыл жоба іске асырылды, олардың жалпы қуаты 678,6 МВт құрайды», – деп түсіндірді Есімханов.