Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды

Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкеткендер ұсталды

Қарағанды. 24 қараша. 7kun.kz – Қарағандылық полицейлер 27 жастағы Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Онда шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолдану арқылы босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

«Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Похожие материалы