Экономика
Қарағандыда қарулы топ жергілікті тұрғынға шабуыл жасап, полицейді жаралады
Қарағанды. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Қарағандыда қаруланған белгісіз біреулер жергілікті тұрғынға шабуыл жасаған. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаскөйлер оқиға орынынан автокөлікпен іздерін жасырған. Күдіктілердің бірі өздерінің ізіне түскен полиция қызметкерлеріне қару қолданып, қашып кетпекші болған. Оны ұстау барысында жедел уәкілдің бірі жараланды», – делінген хабарламада.
Аталған іс полицияға тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазір оқиғаға қатысы бар қалған адамдарды ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.