Алматы. 1 шілде. 7kun.kz – Қарағанды облысында Ақкеңсе учаскесінде геологиялық барлауға 500 млн теңгеден астам қаржы жұмсалуы мүмкін.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлағандай, бұл учаскеде жер бетінде сирек кездесетін элементтерді барлау жоспарлануда.
«Қарағанды облысында Ақкеңсе жобасын жүзеге асыру шеңберінде 500 млн теңгеден астам сомаға инвестиция тарту жоспарланып отыр, геологиялық барлау мерзімі – 3 жыл», - деп қосты ИИДМ.
Ведомствода атап өткендей, геологиялық барлауды аяқтау кезінде сирек кездесетін элементтер қорының көлемі анықталады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта инвесторлармен оны іске асыру үшін келіссөздер жүргізілуде.
Сирек кездесетін элементтер - бұл скандий, иттрий, лантан және лантаноидтар бар 17 элементтен тұратын топ.