Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда жаңа өндіріс іске қосылды

Қарағандыда жаңа өндіріс іске қосылды

Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz — Қарағанды облысында жартылай кокс өндірісі жолға қойылды. Жобаның құны 140 млн теңгеге бағаланды. Бұл туралы аймақтық әкімдікте хабарлады.

"Жартылай кокс өндіретін пеш пайдалануға берілді. Зауыт жыл сайын 36 мың тонна жартылай кокс өндіруге дайын. 2020 жылы екінші пеш іске қосылады және өндірістік қуаты 72 мың тоннаны құрайды. Инвестицияның жалпы сомасы – 140 млн теңге", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында экологиялық әзірлемелер енгізіліп жатыр. Әкімдіктің хабарлауынша, бөлінетін газдар қазандықта жанады және ішкі жылу үшін пайдаланылады. Осылайша, қазандықты түсіру кезінде атмосфераға тек таза бу бөлінеді.

"Жобалық қуатқа шыққан зауыт ішкі нарықтың қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етіп, экспортқа шыға алады", - деп атап өтті Qazaq Carbon акционері Ерлан Нығматулин.

Жаңа өндірісті іске қосумен кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Похожие материалы