
Қарағанды облысында мүлікті жария ету бойынша 800 өтініш келіп түсті. Қазір құны 4,5 млрд теңге болатын 300 нысан заңдастырылды. Бұл туралы Қазақстан-2050 сайты хабарлайды.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, аймақ бойынша 10,1 млрд теңгенің 810 өтініші келіп түсті. Оның 509 өтініші қайтарылып, 295 – і қанағаттандырылды. 325 нысан жария етілді, оның ішінде 31-тұрғын үйі, 294- қолданылмайтын нысан.
Қарағанды бойынша 146 обьект заңдастырылды. Жезқазғанда бұл көрсеткіш 43-ке, Теміртауда 36-ға, Бұқар Жырау ауданында 17-ге, Абай ауданында 13-ке тең.