Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара сауда көлемі 64,6 млн долларды құрады

Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен өзара сауда көлемі 64,6 млн долларды құрады

2016 жылғы қаңтарда Қарағанды облысының Еуразиялық экономикалық одағы елдерімен (ЕАЭО) өзара сауда көлемі 64,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт 31,2 млн доллар, импорт 33,4 млн доллар. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 

Ресей Федерациясымен өзара сауда көлемі 58,4 млн доллар (өзара сауда көлемінің 90,3%-ы) сомасында қалыптасты, Қырғызстан Республикасымен – 3,9 млн доллар (6,1%), Беларусь Республикасымен – 2,3 млн доллар (3,5%), Армения Республикасымен – 41 мың доллар (0,1%). Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экпорттың жалпы көлемінде 84,9% – Ресей Федерациясына, 12,4% – Қырғызстан Республикасына, 2,6% Беларусь Республикасына келеді. Экспорт құрылымында айтарлықтай үлесті – 52,8% темірден жасалған жалпақ илек, қоспаланған, қоспаланбаған және тот баспайтын болат құрады. Тас көмір, шымтезек, шекемтас және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері – 16,7%-ды, мырыш кендерi мен қойыртпалары 7,9%-ды құрады. Ресей Федерациясынан импорт Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импорттың жалпы көлемінен 95,4%-ды, Беларусь Республикасынан – 4,4%-ды, Қырғызстан Республикасынан – 0,1%-ды, Армения Республикасынан импорт 0,1%-ды құрады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен облысқа кең ауқымды тауарлар әкелінеді. Ағымдығы жылдың қаңтарында импорт құрылымында жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын тоң майлар мен майлар және оларды ажырату, дайын тамақтық тоң майлар, жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын балауыздар басым болды, импорттың жалпы көлемінен 7% құрайды, және де пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар – 6%.

Похожие материалы