Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарағандыда бұзақылық әрекеттер жасаған 17 адам ұсталды

Қарағандыда бұзақылық әрекеттер жасаған 17 адам ұсталды

Қарағанды. 19 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында бұзақылық жасаған бір топ азамат ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті», – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Ұсталғандардың бірінен қару тәркіленгіні хабарланды.

Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.

Похожие материалы