Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қарапайым қазақстандықтардың оқиғасы: ұялы телефон не үшін керек?

Қарапайым қазақстандықтардың оқиғасы: ұялы телефон не үшін керек?
Қазақта «Өз балаңды өскенше, балаңның баласын өлгенше...» деген сөз бар. Бұған бағу, сүю кез-келген нәрсені қосуға болады. Шымкенттік Есенғали Мейірбековтің төрт баласы бар. Бірақ өзінің айтуынша барлық аталар сияқты оның бар махаббаты немерелерінде. «Өз балаларыма қарағанда немерелеріме жиі хабарласамын. Олардың қуанышына ортақтасып, кез-келген уақытта байланысты болу үшін маған ұялы телефон таптырмас құрал», дейді ол. Атасының тізесінде отырып өскен немере бірден білініп тұрады. Білетіндердің айтуынша олар ең бақытты балалар.Өйткені ата мен әженің махаббаты әдетте шексіз. Шын беріліп сүйеді, шаршамай  еркелетеді. Есенғали аға да немерелеріне шексіз еркіндік пен еркелікті беріп қойған аталардың қатарынанмын дейді. «Бірнеше жыл бұрын немерелерімнің апасы, менің әйелім қайтыс болып кетті. Оның бермеген жылуын немерелеріме мен берсем деймін.Мен әрқашан балаларды жақсы көремін. Әйелім төрт тамаша бала сыйлады: үлкен, ортаншы қызымнан бөлек, екі егіз-ұл, қызым бар. Әрине, мен бақытты өмір сүрдім. Балаларым өмірімді мағыналы етті. Олардың қалай өсіп келе жатқанын, өмірінің қалай қалыптасқанын көру –бір сыйқырлы нәрсе. Өміріңде төңкеріс болғандай. Ата-әжелер мені түсінеді. Екінші тынысың ашылғандай, өмір жаңа бояуларға толады. Мұның аясында ары қарай талпынысың артады». Үлкен қыздарым тұрмысқа шыққан соң, өз үйлеріне қоныс аударды. Алайда Есенғали аға, екі немересі өмірге келген күннен бастап, оларды назарынан тыс қалдырған емес. «Жұмыста болғандықтан, олардың жанында жиі бола алмаймын. Мамандығым бойынша суретшімін. Қазір дизайн мен безендірумен айналысамын. Бірақ жұмыста отырсам да, жүрегім немерелеріммен бірге. Бірден хабарласып, қалдарын білемін. Бұл жиі қайталанатын жағдай. Бір күні үлкен қызым ұялы телефонын жоғалтып алыпты. Менің жаным шығып кете жаздады. Немерелерімнің даусын естіп үйреніп қалған, күн өтпей қойды. Бұрын ұялы телефынның мұнша маңыздылығы байқалмайтын. Содан, ұялы телефон сатып алуды шештім. Оның үстіне қызымның туған күні де жақындап қалған. Kaspi.kz интернет дүкеніне кіріп, ұялы телефон таңдадым. Ақшам бәрін төлеуге жетпеді. Қалғанын кредитке рәсімдегенді жөн көрдім. Өтініш берген соң, бірнеше уақыттан кейін қоңырау шалып, мақұлданғанын айтты. Мәселенің тез шешілгеніне таңқалдым. Басында бірнеше күн кететін шығар, құжаттар керек деп ойлағанмын. Сөйтсем бәрі қарапайым екен. Туған күнінде қызымы сыйлығын беріп жатып немереме, ал енді балам мен қасыңдамын деп ойладым. Қызыми қатты қуанды. Әке қымбат сыйлық алып қажеті не дейді. Менің «басқа» мақсатым барын қайдан білсін. Немерелерім бәрін сезетіндей күледі. Немерем қазір бір жаста. Бірақ, ақылды жігіт. Енді-енді сөйлей бастады. Қоңырау шалып «Ассалаумағалейкум, ата!» дейтін кезін күтіп жүрмін. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=tHFY5UX0ZAs[/embed]    

Похожие материалы