Экономика
Қараша айындағы ақша көлемі 5,8% өсті
2015 жылдың қараша айындағы Қазақстандағы ақша көлемі 5,8% -ға өсіп, 16,684 трлн теңге болды (қазіргі -349,12/$1), деп хабарлайды Ұлттық банк.
Жылдың қаңтар-қараша айларындағы ақша көлемі 30,2%-ға артқан. Қолма-қол ақша көлемі қараша айында 0,9%-ға қысқарып, 1,190 трлн теңгені құрады. Ал қаңтар-қараша айларында 6,1%-ға артты.
Есепті кезеңдегі банк жүйесіндегі депозиттер 6,3% -ға өсіп, 15,494 трлн теңгеге жетті. Ал қаңтар-қараша айларында 32,5% -ға көбейген.
2015 жылдың қараша айында ақша базасы 3%-ға артып, 4,816 трлн теңгені құрады (жыл басынан 41,1%-ға өсті). Ал тар ақша базасы (екінші деңгейлі банктердегі шұғыл депозиттерді есептемегенде) қаңтар айында 3%-ға көбейіп, 4,705 трлн теңге болды (жыл басынан 42%-ға артты).
Фото: express-k.kz