Алматы. 30 қараша. 7kun.kz – Қаржы министрлігі және Association of Chartered Certified Accountants (АССА) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қаржы министрлігінде Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Association of Chartered Certified Accountants (АССА) нарық бойынша атқарушы директоры Стив Хиткоттың кездесуі өтіп, жаңа Меморандумға қол қойылды.
2015 жылдың 4 қарашасында Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысы кезінде бекітлген Меморандумның уақыты бітті.
Меморандумның негізгі мақсаты Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы кәсіптің тұрақты дамуы болды.