Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы министрлігі 8 миллион теңгеге жуық жалған ақша тәркіледі

Қаржы министрлігі 8 миллион теңгеге жуық жалған ақша тәркіледі

Алматы. 7 қыкүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 8 миллион теңгеге жуық жасанды ақшалар айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті.

Республикада биылғы 7 айдың ішінде жалпы сомасы 7,9 млн теңгені құрайтын Қазақстанның ұлттық валютасы, сондай-ақ 10 млн теңгеден астам соманың шетелдік валютасы айналымнан алынды.

«Жасанды ақша қаражатының көп бөлігі Алматы қаласынан (776 дана немесе 53,4%), Қызылорда облысынан (190 немесе 13%), Астана қаласынан (134 немесе 9%), Қарағанды облысынан (109 немесе 7,5%) алынды. Фактілерге сүйенер болсақ, ең жиі қолдан жасалатыны - 10 000 (531 дана немесе 36,5%), 2 000 (527 дана немесе 36,3%), 1000 (89 дана немесе 6%), 5000 (72 дана немесе 4,9%) және 20 000 теңгелік (53 дана немесе 3,6%) валюталар», - деп атап өтті комитеттен.

Похожие материалы