Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздары 11 128,1 млрд теңгеге дейін төмендеді

ҚР Қаржы министрлігі 2022 жылғы ақпанда 212 млрд теңгеге орта мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы ақпанда барлығы 8 облигация шығарылымы орналастырылды, онда 3 жылдан 15 жылға дейін өтеуге дейінгі мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,73%-дан 11, 10%-ға дейін болды.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2022 жылғы ақпанда 11 128,1 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға төмендеді», – делінген хабарламада.
2022 жылғы ақпанның соңында тәуекелсіз кірістілік қисығы базалық мөлшерлеменің көтерілуі аясында алдыңғы айдың соңына қатысты бүкіл кезеңде өсті.
