Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – Алматыда B2B Jewelry қаржылық пирамидасынан зардап шеккен 197 адамға 123 миллион теңге қайтарылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агентігінің баспасөз қызметі хабарлады.
B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты соталды тергеуін аяқталды.
Сот үкімі бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты соталды іс жүргізу аяқталуға жақын екені атап өтілді.