Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қаржы сауаттылығына арналған fingramota.kz сайты іске қосылды

Қаржы сауаттылығына арналған fingramota.kz сайты  іске қосылды

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Ұлттық Банкі fingramota.kz сайтының іске қосылғанын туралы хабарлайды.

"Назарларыңызға Fingramota.kz сайтын (http://fingramota.kz/kz/) ұсынамыз, ол қаржы нарығының қатысушылары мен журналистерге ғана емес, өзінің қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін көптеген оқырмандарға пайдалы болады" , - дейді ҚР Ұлттық Банк хабарламасында.

Сайтта 8 бөлім бар: «Ұлттық валюта», «Депозиттер», «Кредиттер», «Сақтандыру», «Отбасы бюджеті», «Төлемдер мен аударымдар», «Нормативтік құқықтық база», «Зейнетақы жүйесі». Fingramota.kz сайтында әрқашан да валюталардың жаңартылған бағамдары, қаржы жаңалықтары, қаржылық сауаттылық жөніндегі бағдарламалар берілген бейнегалерея және басқалары.

ҚР ҰБ хабарлауынша, қазіргі кезде Fingramota.kz сайты әзірленіп, дамытылуда, тиісінше, бұл ресурста әлі де көптеген қызықты да пайдалы кеңестер, пікіртерімдер, фото және бейнематериалдар жарияланатын болады.

Похожие материалы