Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қашағанда мұнай өндіру екі есеге қысқарды

Қашағанда мұнай өндіру екі есеге қысқарды

Алматы. 27 қараша. 7kun.kz — Қашағанда мұнай мен конденсат өндіру қараша айының басындағы деңгеймен салыстырғанда екі еседен астамға қысқарды, деп хабарлайды Reuters.

Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, бұған жоспардан тыс қызмет көрсету себеп болған.

«Кәсіпорындағы өндіріс 25 қарашада тәулігіне 184 мың баррельді құрады, бұл айдың басындағы күніне 400 мың баррельмен салыстырғандағы көрсеткіш», - деді ақпарат көздері.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, Қашағанда жеті күнге созылатын газ компрессорлық қондырғысына техникалық қызмет көрсету жүріп жатыр.

Похожие материалы