Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды қорлағандар туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік туды қорлағандар туралы айтты

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеп, сол жерде Мемлекеттік туға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Салтанатты жиында баяндама жасаған президент жастардың отаншылдық рухын күшейту керек екенін айтты.

«Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы», - деді ол.

Мемлекет басшысы «туған жерге туыңды тік» деп қазақ халқы бекер айтпағанын, біздің ел туын әрқашан биік ұстағанын атап өтті. Сондай-ақ, Қаныш Сәтбаевтың «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес» деген сөзін мысалға келтірді.  

Похожие материалы