Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — ОСК 70,96% дауыс жинап, кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау күнін жариялады.
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Ләззат Сүлеймен атап өткендей, ҚР Президенті туралы Конституциялық заңға сәйкес Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда ант беру күнін ҚР ОСК белгілейді.
"ҚР кезектен тыс президент сайлауында сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурация күнін 2019 жылдың 12 маусымы деп тану ұсынылады", – деді ол.