Алматы. 2 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қазанында инфляция 0,4%-ды құрады.
Өткен айда азық-түлік тауарларының орташа бағасы 0,3% -ға, азық-түлік емес тауарларға - 0,7% -ға, ақылы қызметтерге - 0,2% -ға өсті.
Жыл басынан бері азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 5,1%-ға және қызмет көрсету 3,5%-ға қымбаттады.
Ең жоғары инфляция Астана қаласында (4,2%), Атырау (4%) және Маңғыстау облыстарында (3,9%) байқалады. Ақмола және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш 3,2%-ды құрады.