Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазан айында тұрғын үйдің орташа бағасы өсті

Қазан айында тұрғын үйдің орташа бағасы өсті

Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – Қазанда Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында оң динамика байқалды. Мұнымен қоса бірнеше аймақта бағалар орташа деңгейден айтарлықтай өскен, - деп хабарлайды krisha.kz.

Петропавл қаласында баға индексі көтеріліп, рейтингте көш бастап тұр. Бұл қалада тұрғын үйдің аудан бірлігі 4,8%-ға өсіп, шаршы метріне 195,3 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, үздік үштікке Өскемен де кірді. Бұл аймақта қыркүйекке қарағанда 3,2% жоғарылады. Шаршы метрінің бағасы – 174,8 мың теңге. Көкшетауда да пәтер бағасы қымбаттаған. Бір ай ішінде 3,2%-ға көтеріліп, шаршы метрі 185 мың теңгеге жеткен.

Шымкентте өсім 1,8%-бен шектелді. Аудан бірлігі орташа есеппен 213,1 мың теңгеге бағаланды. Оралдағы динамика көрсеткіші де 1,8%-ды құрайды. Осы қаладағы аудан бірлігінің орташа құны қазір 179,8 мың теңгеге тең. Павлодарда бір айда ұсыныстардың орташа бағасы 1,1%-ға, аудан бірлігіне 168,8-ден 170,7 мың теңгеге дейін өсті.

Басқа қалаларда оң үрдіс 1%-дан төмен болды. Атап айтқанда, Ақтөбеде тұрғын үй құны бір шаршы метрге 146 мың теңге, 0,9%-бен шектелген. Ал, Астанада аудан бірлігі 329,7 мың теңгеге,  Алматыда 360,2 мың теңгеге сатуға қойылды.

Похожие материалы