Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Qazaq Air әуе компаниясы жаңа халықаралық маршрут ашты. Енді әуе компанияның ұшақтары Алматы-Ош бағытында қатынайды, деп хабарлады әуе тасымалдаушының баспасөз қызметі.
2019 жылдың 7 маусымынан бастап Qazaq Air авиакомпаниясының Bombardier Q400 NextGen заманауи аймақтық лайнерлері Қырғыз Республикасының оңтүстігіне – Ош қаласына тұрақты ұшады.
Қазақстан мен Қырғызстан қалалары арасындағы ұшулар аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Алматыдан Ош-ға ұшу билетінің ұзақтығы 1 сағат 5 минут барлық алымдарды қоса алғанда 15 922 теңгеден басталады. ОШ қаласынан Алматыға билет барлық алымдарды қоса алғанда, 48 долларға (ағымдағы бағам бойынша) түседі.
«Жақында Ыстықкөл көлінің жағасына маусымдық рейстерге қосымша Qazaq Air әуе компаниясы Қырғызстандағы маршруттық желісін Бішкекке тұрақты рейстермен кеңейтті. Ал мамыр айында Ош-та рейстер ашылады, біз бауырлас халықтардың жақындасуына қызмет ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті Qazaq Air авиакомпаниясы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Дәулетбек.