Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

Qazaq Air әуекомпаниясы Ресейге рейстерін тоқтатты

Бүгіннен бастап Qazaq Air Ресейге рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Qazaq Air әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімінің берілмегені туралы хабарлама алған.

Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтатылды.

Әуекомпания хабарлауынша, жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

Похожие материалы