Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz - Qazaq Air сәуір, мамыр айында екі Bombardier Q400 NextGen ұшағын сатып алып, халықаралық рейстер ашады, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бірінші халықаралық рейс наурыз мерекесінің қарсаңында, 21 наурыз күні Алматы-Бішкек бағытында ұшады. Бұл бағытта әуе кемелері аптасына екі рет қатынайды. Билет құны барлық алымдарымен қоса есептегенде бір бағытта 16 034 теңгеден басталып, ұшу уақыты 30 минут шамасында болмақ.
Сонымен қатар әуе компаниясы маусым айында Астархань мен Ош бағытында ұша бастайды.
Мұнымен қатар Алматы – Бішкек, Атырау – Астрахань, Атырау – Минеральные Воды, Алматы – Ош, Ақтау – Тбилиси, Өскемен – Новосибирск бағыттарына рейс ашылады.
Компания шет елдермен қатар ішкі рейстердің де санын көбейткен. Астана – Өскемен мен Алматы – Өскемен бағыты қазір көпшілік сұранысына ие.
«IOSA сертификатының иегері атанып, әуе флотты 5 ұшаққа дейін көбейту арқылы Qazaq Air әуекомпаниясының алдында жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Бұдан былай біздің әуекомпания әуе сапарын ел ішінде ғана емес, шет елдерде жүзеге асыра алатыны біз үшін өте қуанышты», – дейді Qazaq Air басқарма төрағасының қызметінің атқарушысы Адель Даулетбек.