Экономика
Выбор редактора
Qazaq Air әуе компаниясы 12 бағытта ұшатын болады
Qazaq Air будет әуе компаниясының бағыттар желісі 12 бағытты қамтиды, олардың басым бөлігі Қазақстан аймақтарынының арасында қонбай ұшып өтетін болады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, LS хабарлайды.
Әуе компаниясы өз қызметінің алғашқы кезеңінде келесі бағыттар бойынша қатынайды:
- Алматы - Қостанай: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Алматы - Шымкент: аптасына 8 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Алматы - Павлодар: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Алматы - Астана: аптасына 7 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Шымкент - Павлодар: аптасына 2 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Шымкент - Қызылорда: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Шымкент - Ақтөбе: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Ақтөбе - Қостанай: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Ақтөбе - Атырау: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Алматы - Талдықорған: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Алматы - Балқаш: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен;
- Астана - Балқаш: аптасына 3 рейске дейінгі мерзімділікпен.
"Ұшу бағытарының орташа қашықтығы шамамен 800 км болады. Бірінші рейстің іске қосылғанынан бастап, бір жыл ішінде бір ұшаққа есептелген орташа ұшу уақыты тәулігіне 7,3 сағатқа жеткізу жоспарланып отыр, бұл күніне төрт рейстің орындалуын қажет етеді. Жолаушылар ағыны шамамен 250 мың адам деңгейінде болады деп болжанып отыр", - делінген Qazaq Air хабарламасында.
Әуе компаниясы бүгін Астанада тапсырыспен алынған үш Bombardier Dash 8 Q400 ұшағының бірін таныстырады.