Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Qazaq Air» әуекомпаниясының билеттері сатыла бастады

«Qazaq Air» әуекомпаниясының билеттері сатыла бастады

Қазақстандағы аймақтық "Qazaq Air" әуекомпаниясы бүгіннен бастап билеттер сата бастайды. Бұл туралы әуе тасымалдаушының баспасөз қызметінен хабарлады.

Билеттер сатылымы әуекомпанияның flyqazaq.com сайты арқылы және әуе агенттіктері арқылы сатылады. "QazaqAir" рейстері 2015 жылдың 27 тамызынан басталады. Алматы-Астана(күн сайын), Алматы-Павлодар (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), Алматы-Шымкент (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі), Шымкент-Павлодар (сейсенбі, жексенбі), Шымкент-Қызылорда (дүйсенбі, сенбі) деген бағыттар бар. Компания алдағы уақытта маршрутты кеңейтіп, Алматы-Қостанай, Шымкент-Ақтөбе, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау рейстерін қосуды жоспарлап отыр. 2015 жылдың 6 тамызында "Qazaq Air” әуе тасымалын жүзеге асыруға құқық беретін арнайы сертификатқа ие болды. Қазіргі уақытта әуекомпания паркінде 2 Bombardier Q400 NextGen ұшағы бар, тамыздың соңында үшіншісі жеткізілуі керек. Qazaq Air 2014 жылы мемлекет басшысының тапсырысы арқылы құрылды. Әуепаркін құру аясында компания құрылтайшысы "Самұрық-Қазына" әлеуметтік қоры канадалық Bombardier-мен 10 ұшақ жеткізу туралы келісімге келді.

Похожие материалы