Экономика
Выбор редактора
Qazaq Air жұмысын тамыз айының басында бастайды
Қазақстандық Qazaq Air жаңа әуекомпаниясы алғашқы әуе рейстерін тамыз айының басында ұшырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұған дейін айтылғандай, аталған әуекомпанияның алғашқы әуе рейсі 20-шілдеде ұшырылуы керек болатын. Алайда, қажетті құжаттардың дер кезінде дайын болмағандығы себепті жоспарланған әуе рейстері кейінге қалдырылған еді. Азаматтық авиациа комитеті инспекторы Тоты Әмірованың айтуынша, әуекомпания ұшу рейстерін жасауға әлі дайын емес.
"Біз өткен аптада Qazaq Air әуекомпаниясына ұшу сертификаттарын тапсыруға барғанбыз. Алайда оларда бізге көрсетуі тиіс келісім-шарттар әлі дайын болмай шықты." - деп жазады Т.Әмірова Фейсбуктегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Qazaq Air әуекомпаниясы 2014-жылы мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Компанияның әуе паркін жаңарту мақсатында компания құрылтайшысы "Самұрық-Қазына" АҚ мен канадалық Bombardier ұшақ жасау зауыты арасында келісім-шарт жасалып, қазіргі кезде 10 жолаушылар ұшағына тапсырыс берілді.