Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

QAZAQ AIR Жезқазғанға жаңадан рейстер ашады

QAZAQ AIR Жезқазғанға жаңадан рейстер ашады

Астана. 3 тамыз. 7kun.kz - QAZAQ AIR әуекомпаниясы жаңа Астана - Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хбарлады.

Астана - Жезқазған рейстері 2017 жылдың 19 тамызынан бастап орындалады. Бұл бағытта әр сенбі сайын Bombardier Q400 NextGen заманауи ұшағы қатынайды. Ұзақтығы 55 минут болатын Астана - Жезқазған рейсінің ұшу құны, барлық төлемдерді қоса есептегенде, 13 мың 366 теңгеден басталады. Ал Жезқазғаннан Астанаға, барлық төлемдерді қосқанда, 13 662 теңгеге жетуге болады.

Сонымен қатар, жезқазғандықтарға Астана арқылы Алматыға жету мүмкіндігі ашылады. Бұл сапардың құны 20 мың 878 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Астана арқылы Жезқазғанға жету үшін flyqazaq.com сайтынан, барлық төлемдерді қоса есептегенде, билетті 20 мың 207 теңгеге  сатып алу ұсынылады.

"Біздің ойымызша, бұл бағытты Астанадан өнеркәсіп орталығына жиі сапар шегетін, онымен қатар Астана мен Алматыға барып тұратын жезқазғандықтар көптен күткен еді. QAZAQ AIR әуекомпаниясы жолаушыларын емін-еркін жеткізуге дайын екенін қуана xабарлайды" – деп атап өтті әуекомпанияның коммерциялық директоры Адель Даулетбек.

Похожие материалы