Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Banki банктік лицензиясынан айырылды

Qazaq Banki банктік лицензиясынан айырылды

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі «Qazaq Banki» АҚ-на 27 шілдеде берген № 1.2.204/37 лицензияны бүгіннен бастап қайтарып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Ұлттық банк.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның бірнеше бабын, міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны үшін осындай шешім қабылданған.

Ұлттық банктің хабарлауынша банктің активтері мен міндеттемелері үлесінің төмен болуына байланысты (0,8%) Банкті лицензиядан айырудың басқа қаржы ұйымдар үшін қауіпті емес. Кеше Ұлттық Банкі Төрағасының № 326 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалған. Оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.

Банкте клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция 2018 жылғы 28 тамыздан бастап тоқтатылды.

Ұлттық Банкі алдағы уақытта заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінбек.

Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, сондықтан депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленетін болады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Qazaq Banki» АҚ-тың уақытша әкімшілігінің басшысы Анфиса Леонидовна Отцоваға +7 (727) 380-39-51, +7 (727)380-39-39 телефондары бойынша өтініш жасауға болады.

Похожие материалы