Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Banki клиенттері салымдарын қай банктен алатыны белгілі болды

Qazaq Banki клиенттері салымдарын қай банктен алатыны белгілі болды
Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz - Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлады.  2018 жылдың 24 желтоқсанынан бастап «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі арқылы өтемақы төлеу басталды. Төлем 2019 жылдың 24 маусымына дейін Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде орналасқан агент-банктің 17 филиалының барлығында төленеді. Qazaq Banki АҚ салымшыларына жалпы төлем сомасы 20,5  миллиард теңгені құрайды. Банктің 18 мың салымшысының әрқайсысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан өтемін толық көлемде алады. 24 желтоқсаннан бастап Qazaq Banki салымшыларына шамамен 7,8 миллиард теңге көлемінде 1 541 салымшыға өтемақы төленді. Qazaq Banki салымшылары - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ҚДКҚ қаражатынан өтемақы алуға құқылы. Салымдардағы, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша қаражаттары өтеледі.  Өтемақы салымның толық көлемінде және жинақталған сыйақы бойынша төленеді.  Ең жоғары төлем сомасы:
  • 10 миллион теңге – теңгедегі депозиттер бойынша,
  • 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша,
  • 15 миллион теңге – Qazaq Banki бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында ашылған депозиттер бойынша (шетел валютасындағы депозиттер үшін – 5 миллион теңге баламасына дейін).
Өтемақы екінші деңгейлі банктің қаражатынан емес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының меншікті қаражаты есебінен төленеді. Депозиттерге кепілдік берілген өтемді алу үшін таратылып жатқан банктің салымшылары жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен Банк ВТБ АҚ ЕҰ-ның кез келген бөлімшесіне немесе филиалына барып, өтемді алу үшін өтінішті толтыруы қажет. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшесінде алуға болады немесе ҚДКБҚ сайтында электронды нұсқаны жүктеп алып, алдын-ала толтыруға болады. Салымшыны сәйкестендіру ​​жеке тұлғаны куәландыратын құжаттармен анықталады, сол себепті өтемді алу үшін банктік салым шарты немесе қолма-қол ақшасыз төлем сияқты қосымша құжаттар талап етілмейді. Өтінішті кез келген күні 2019 жылдың 24 маусымына дейін беруге болады. Әдетте, агент банк өтемақыны өтініш берген күні төлейді, яғни өтініш берілген күннің ішінде, жәнетек сенімхат бойынша, мұрагерлердің немесе үшінші тұлғалардыңөтемді алуға өтініш берген жағдайда ғана төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ төлем мерзімі бес жұмыс күнінен аспайды.

Похожие материалы