Экономика
Авто
Qazaq Banki-нің жарғылық капиталы 2,2 млрд теңгеге ұлғайды
Алматы. 26 шілде. 7kun.kz - Қазақстандық Qazaq Banki жарғылық капиталын 33 млрд теңгеден 35,5 млрд теңгеге ұлайтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Сәйкесінше банктің жеке реттелетін капиталы 45 млрд теңгеге өсті.
«2017 жылдың соңына дейін акционерлеріміз банк капиталын Ұлттық банк талап еткен мөлшерге дейін өсіруге дайын», -дейді банктің басқарма төрағасы Ғани Тоқсанбаев.
Айта кетейік, 1 шілдедегі жағдай бойынша банктің активтері 421 млрд теңгені, кредиттік портфелі 327 млрд теңгені, міндеттемелері 381 млрд, жеке капиталы 40 млрд теңгені құрады.
Ұлттық банктің мәліметінше 2017 жылдың 1 тоқсанында 33 қазақстандық банктің арасында 13 орынға тұрақтады.