Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz – Қазақстаннан Қырғызстанға өтетін Қордайдағы шекара маңында ұзын-сонар көлік кептелісі деп хабарлайды 7kun.kz kaztag-қа сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, «Ақжол» кеден бекеті маңында 300-дей көлік қимылсыз тұр. Әр жарты сағат сайын 5 көліктен өткізіп жатыр. Куәгерлер кептелістің видеосын жолдап, кезектің тым бюаяу қозғалып жатқанына шағым айтқан. Кезек ары қарай да, бері қарай да созылып тұрғанын жеткізеді.
Естеріңізде болса, өткен аптада кеден бекетінде жүк көліктерінің де өтуі тым баяулап, ұзын кезек қалыптасқанын жазғанбыз. Онда Қырғызстан тарапы құжаттардың дұрыс еместігін, Қазақстандағы кеденшілер электронды құжат талап еткені айтылған.
Ал 26 мамыр күні Қырғызстанға сапары кезінде шекарадағы кезек мәселесін Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Нақты айтқанда, президент тексерісті азайтып, шекарадағы көлік кезегін жою керек деген.