Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеуді қарастыратын заң қабылданбақ

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермеуді қарастыратын заң қабылданбақ

Астана. 7 қараша. 7kun.kz – Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданбақ, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне, Үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.

Похожие материалы