Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Qazaq Вanki жарғылық капиталын 12%-ға арттырды

Qazaq Вanki жарғылық капиталын 12%-ға арттырды

Қазақстанның "Qazaq Вanki" коммерциялық банкі 1,5 млн дана қарапайым акцияны орналастыру есебінен жарғылық капиталын 1,3 млрд теңгеге арттырды.

"Инвесторлардың шектеусіз шеңберінде акциялардың номиналы 1 мың теңге", - деп айтылған банктің пресс-релизінде.

Жарғылық капиталдың арттырылуы 2014 жылдың 24 желтоқсанындағы қабылданған директорлар кеңесі шешімінің негізінде жүзеге асырылды.

Акцияларды орналастыру нәтижесінде банктің жарғылық капиталы 12%-ға (1,3 млрд теңге) артып, 12,4 млрд теңгені қамтыды, сәйкесінше меншікті капитал 13,3 млрд теңгеге дейін өсті.

"Капиталдың жоспарлы ұлғайтылуы банктің белсенді операцияларының көлемін кеңейтуге, отандық кәсіпорындарды қаржыландыруды арттыруға және бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді", - деп келтіріледі хабарламада "Qazaq Вanki" АҚ-ның басқарма төрағасы Мирлан Ташметовтың сөзі.

 

Похожие материалы