Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді

«Қазақфильм» еліміздің 24 қаласында кастинг өткізеді

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – «Қазақфильм» киностудиясының «Қасым хан» атты ауқымды тарихи сериалына кастинг әлі де жалғасып жатыр. Енді барлық қазақстандықтар өз бағын сынап, кастингке қатыса алады. Кастинг еліміздің 24 қаласында өтеді, - деп хабарлайды«Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

«Өздеріңіз жақсы білетіндей, Алматыда кастинг ақпанның 25-нен бастап өтіп жатыр. 31 наурызға дейін жалғасатын бұл кастингке алматылықтар белсенділікпен қатысуда. Алғашқы кезде  күн сайын 500 адамнан қабылдадық. Поштамызға 9000-нан астам мәлімдеме келіп түсті. Кастинг Талдықорғанда да өтті. Енді міне, еліміздің 24 бірдей қаласында кастинг өткіземіз. Кастингке кәсіби актерлер де, қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады», - деді жобаның кастинг бойынша продюсері Алма Баймұратова.

Басты рөлдерге, қосалқы және эпизодтық рөлдерге 3 және 80 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар (балалар, ер адамдар мен әйелдер) қатыса алады.

Басты талап – қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек.

Құрметті әйелдер қауымы! Кастингке бет бояусыз және жасанды кірпіксіз келулеріңізді сұраймыз. Татуажы бар қыз-келіншектерді қабылдамаймыз! 

Жақын күндері кастинг келесі қалаларда өтеді (кастингке қатысу ақысыз өтеді):

Кұлсары

26 ақпан

Мәдениет үйі, 1-ші қабат, би залы (Махамбет көш., 37, «Кең Жылыой» ауданы);

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Тараз

26 ақпан – шығармашылық ұйымдар үшін

27, 28 ақпан – қала тұрғындары үшін

Мәдениет үйі (Рахимов көш., 55).

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Торғай

27 ақпан

Н.Ахметбеков ат. Мәдениет үйі, 2 қабат, конференц-зал (с. Торғай, Қайнекей көш., 9).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Атырау

27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан – қала тұрғындары үшін

№ 2 Орталық қалалық кітапхана (Балықшы ауылы, Байжігітов көш., 66 А).

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Екібастұз

27 ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан - қала тұрғындары үшін

«Өнер» Қалалық мәдениет орталығы (Әуезов көш., 147).

@kasymkhanfilm_pavlodar инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Арқалық

28 ақпан және 1 наурыз – қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

Мәдениет үйі, 1 қабат, 1-ші кабинет (Абай даңғ., 27).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Өскемен

27ақпан - шығармашылық ұйымдар үшін

28 ақпан, 01, 02 наурыз – қала тұрғындары үшін

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, 4 қабат, балет залы (Сәтпаев даңғ., 55).

@kasymkhan_semey_oskemen инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Шымкент

01,02,03 наурыз – қала тұрғындары үшін

04,05,06 наурыз – шығармашылық ұйымдар үшін

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Түркістан

26, 27, 28 ақпан және 01 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

02 наурыз - қала тұрғындары үшін

 «Тұмар» сауда орталығы, 2 қабат (Тәуке хан даңғ., 301).

@kasymkhan_kyzylorda инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Ақтөбе

01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін

Т.Ахтанов ат. Ақтөбе облыстық драма театры, кіші зал (Т. Ахтанов көш., 52).

@kasymkhanfilm.aktobe.uralsk инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Павлодар

01, 04, 05 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03 наурыз - қала тұрғындары үшін

«Колос» балалар мәдени орталығы, үлкен зал (Астана көш.,156).

@kasymkhanfilm_pavlodar инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Теміртау

01 наурыз – шығармашылық ұйымдар үшін

02 және 03 наурыз – қала тұрғындары үшін

Мәдниет үйі (Республика даңғ., 38).

@kasymkankaraganda.temirtau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Астана

27, 28 ақпан, 01, 05 наурыз  - шығармашылық ұйымдар үшін

02, 03, 04 наурыз  - қала тұрғындары үшін

Есіл өзені бойындағы Амфитеатр (Тұран даңғ., 2/6).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Қостанай

02 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

03 и 04 наурыз - қала тұрғындары үшін

Омаров ат. Қазақ драма театры, 3 қабат, кіші зал (Тәуелсіздік көш., 144).

@kasymkhanfilm_kostanay инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

 Жаңаозен

04 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

с. Теңге, «Атамұра» Мәдениет үйі (А.Керейұлы көш., 41 А).

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Семей

03, 04 наурыз - қала тұрғындары үшін

05,06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін  

Мәдениет үйі, үлкен зал (Бауыржан Момышұлы көш., 43).

@kasymkhan_semey_oskemen инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Ақтау

02, 03 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

05 наурыз - қала тұрғындары үшін

11 ықшамауданы, «Юность» сауда орталығы, 2 қабат.

@kasymkhan_aktau.atyrau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

 Жезқазған

04 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

05 наурыз - қала тұрғындары үшін

С.Қожамқұлов атындағы қазақ музықалық драма театры (Сәтпаев көш., 1).

@kasymkhan_zhezkazgan инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Қызылорда

03, 04, 05, 06 наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

07 наурыз - қала тұрғындары үшін

Тоқмағамбетов ат. Мәдениет үйі (Қазыбек би көш., 21).

@kasymkhan_kyzylorda инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Жетісай

07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

К.Жандарбеков ат. Жетісай драма театры им. (Қожанов көш., 71). 

@kasymkhanfilm_shymkent инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Орал

06, 07наурыз - шығармашылық ұйымдар үшін

08 наурыз - қала тұрғындары үшін

Қадыр Мырза Әлі ат. Мәдениет және өнер орталығы(Әбілқайыр хан көш., 183).

@kasymkhanfilm.aktobe.uralsk Абылхаир хан көш

Көкшетау

06, 07 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

Неке қию сарайы, 1 қабат, 10 кабинет ( М.Ауезов көш., 119/1).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Қарағанды

06, 07, 10 наурыз  - шығармашылық ұйымдар үшін

08, 09 наурыз - қала тұрғындары үшін

С. Сейфуллин ат. Қарағанды облысы қазақ драма театры (Бұхар – Жырау даңғ., 25).

@kasymkankaraganda.temirtau инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Петропавл

09, 10 наурыз - қала тұрғындары мен шығармашылық ұйымдар үшін

С.Мұқанов ат. Солтүстік Қазақстан облысытық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Жабаев көш., 195).

@kasymkhanfilm1 инстаграм парақшасы арқылы жаңалықтарымен таныса аласыздар.

Сондай-ақ фильмнің ресми инстаграм парақшасы - @kasymkhanfilm арқылы басқа да жаңалықтармен таныса аласыздар.  

Айта кетсек, kazakhfilmcast@gmail.com электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдауға болады: жақыннан бет бояусыз, көзілдіріксіз және линзасыз,  бас киімсіз, өңделмеген фотосуреттерді (селфи емес), сондай-ақ басынан аяғына дейін бір сурет,  және өзіңіз туралы қысқаша ақпаратты (аты-жөніңізді, жасыңызды, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз және кинодағы тәжірибиеңіз туралы).

Естеріңізге сала кетсек, қазақтың ұлы хандарының бірі – Қасым ханның өмірі туралы бандайтын киножобаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіреді. Фильмнің көркемдік жетекшісі – «Ертұрғыл» сериалын түсірген түрік режиссері Метин Гюнай.

Похожие материалы